date

Сел қаупі артуда: Өзгидромет төтенше ескерту жариялады

Сел қаупі артуда: Өзгидромет төтенше ескерту жариялады
Фото: Yandex

Ағымдағы жылдың 8–12 мамыр күндері аралығында республика аумақтарында күтілетін жауын-шашынға байланысты кейбір аймақтарда сел мен су тасқыны болуы мүмкін. Бұл туралы Өзгидромет шұғыл ескерту жариялады.

Мамандардың мәліметінше, әсіресе таулы және тау бөктеріндегі аймақтарда су ағыны күрт артып, сел жүру қаупі жоғары бағалануда. Сол себепті осы аумақтарда тұратын азаматтар мен демалушылар сақтық шараларын қолға алуы тиіс.

Атап айтқанда, келесі аймақтарда сел мен су тасқыны қаупі жоғары:

  • Қашқадария облысында — Яккабағ, Дехканабад, Чиракчи, Китоб, Шахрисабз, Камаши, Ғузор аудандарында;
  • Сурхандария облысында — Сариосиё, Узун, Олтинсой, Денов, Бойсун, Шеробод, Шўрчи, Қумқорған, Музробот аудандарында;
  • Самарқанд облысында — Ургут, Самарқанд, Булунғур, Нуробод, Қўшработ, Каттақорған, Пайарық, Жомбой, Иштихон аудандарында;
  • Науаи облысында — Хатирчи, Навбаҳор, Нурота, Конимех, Кармана аудандарында;
  • Жызақ облысында — Зомин, Бахмал, Ғаллаорол, Шароф Рашидов, Фориш, Янгиобод аудандарында;
  • Ташкент облысында — Оҳангарон, Бўстонлық, Паркент, Пискент, Ўртачирчиқ, Юқоричирчиқ аудандарында және Ангрен мен Олмалық қалаларында;
  • Наманган облысында — Поп, Косонсой, Чортоқ, Чуст, Наманган, Янгиқорған аудандарында;
  • Фарғана облысында — Сўх, Шоҳимардон, Фарғана, Бешарық аудандарында;
  • Әндіжан облысында — Әндіжан, Асака, Жалақұдық, Қорғантепа, Пахтаобод, Избоскан, Хўжаобод, Мархамат аудандарында және Хонобод қаласында.

Сондай-ақ, кейбір аймақтарда қатты жаңбыр салдарынан су жиналып, жолдар мен елді мекендерді су басу қаупі бар.

Жауапты тұлғалар таулы аймақтарда жүрген жүргізушілерді, туристерді және жергілікті тұрғындарды сақ болуға, қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырады. Қолайсыз ауа райы кезінде қауіпті сапарлардан бас тарту ұсынылады.

Естеріңізге сала кетейік, мұндай ауа райында кішігірім өзендер мен сайларда су деңгейі тез көтерілуі мүмкін. Сол себепті халыққа ресми ескертулерді орындау және сақтық шараларын күшейту ұсынылады.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Қонақ» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Өзбекстан » Сел қаупі артуда: Өзгидромет төтенше ескерту жариялады