date

Шавкат Мирзиёевтің туысы Екінші дүниежүзілік соғыста 20-дан астам фашисті жойған — ТАСС

Шавкат Мирзиёевтің туысы Екінші дүниежүзілік соғыста 20-дан астам фашисті жойған — ТАСС

Шавкат Мирзиёевтің немере ағасы, Кеңес Одағының Батыры Орынбек Якубовтың Екінші дүниежүзілік соғыста вермахтың 20-дан астам сарбазын жойғаны белгілі болды. Бұл туралы мұрағат құжаттарымен танысқан ТАСС хабарлады.

Орынбек Якубовтың Одер өзенінен өту кезінде вермахтың 7 қарсы шабуылына тойтарыс беруге көмектескені анықталды. Ол 31-атқыштар дивизиясының 248-атқыштар полкінде миномет ротасының есептеу командирі қызметін атқарған. 1944 жылдың ақпанында Днепрден өту кезінде жаудың 15 қарсы шабуылын үш күн бойы тоқтатқаны үшін Кеңес Одағының Батыры атағымен марапатталған. 1945 жылдың сәуірінде Якубов «Қызыл Жұлдыз» орденіне ие болды.

Тиісті марапаттау парағында: «1945 жылғы 24 қаңтарда Штейне ауылының батысында Одер өзенінен өту кезінде Якубов өз минометінен оқ жаудырып, атқыштарды қолдады, олардың мұз үстімен өтуіне және плацдармды басып алуына көмектесті. Минометін батыс жағалауға көшірген Якубов екі күн бойы плацдармды қайтарып алуға тырысқан жаудың 7 қарсы шабуылына тойтарыс беруде жаяу әскерге көмектесті. Осы ұрыстар барысында ол өз минометінен жаудың 2 атыс нүктесін, сондай-ақ жиырмадан астам сарбазы мен офицерін жойды», — делінген.


Сонымен қатар, Якубов «Ерлігі үшін» және «Кавказды қорғағаны үшін» медальдарымен де марапатталған.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Қонақ» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Өзбекстан » Шавкат Мирзиёевтің туысы Екінші дүниежүзілік соғыста 20-дан астам фашисті жойған — ТАСС