date

Қазақстанда террорлық әрекеттің алды алынды


Ұлттық қауіпсіздік комитеті Алматыда жасалу жоспарланған террористік әрекеттің алдын алды. Бұл туралы комитеттің баспасөз қызметі хабарлады.

Қылмысты шетелден келген бес адамнан тұратын террористік топ жүзеге асыруды жоспарлаған. Олар дайындық кезеңінде қолға түсті.

Қыркүйек және қазан айларында терроризмді насихаттады деген күдікпен сегіз қазақстандық азамат қамауға алынды. Соңғы екі айда террористік және экстремистік қылмыстар үшін алты адам сот үкімімен жазаға тартылды.

"Жыл басынан бері осындай қылмыстар үшін жалпы 89 адам, оның ішінде алты шетелдік азамат жауапкершілікке тартылды", – деп хабарлады ҰҚК. Мәлімет үшін, биылғы жылдың қыркүйек айының басында Өзбекстанда деструктивті ұйымдардың 20 жақтаушысына үкім шығарылған еді.

Олар жарылғыш заттар мен уытты препараттардың қасиеттерін үйренген. Төртеуі Сирияға террористер қатарына қосылу үшін кетіп үлгерген.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Жаңалықтар » Әлем » Қазақстанда террорлық әрекеттің алды алынды