Иран-Узбекистан компанияларының саны 2,5 есе өсті

Иран мен Қазақстан арасындағы экономикалық ынтымақтастық айтарлықтай жанданып келеді. Tehran Times ақпаратына сәйкес, екі ел арасындағы бірлескен кәсіпорындар саны 2,5 есеге өсіп, 261-ге жетті.
Бүгінгі күні мұндай кәсіпорындар құрылыс, мұнай-химия, азық-түлік өнеркәсібі, ауыл шаруашылығы және құрылыс материалдарын өндіру секілді әртүрлі салаларда жұмыс істеуде. Иранның өнеркәсіп, тау-кен өнеркәсібі және сауда министрі Мұхаммад Атабок қазіргі сауда көлемі екі жақтың әлеуетін толық көрсетпейтінін атап өтті.
Ол сауда айналымын 2 миллиард долларға жеткізу үшін толыққанды жол картасын әзірлеуді ұсынды. Министрдің айтуынша, болашақтағы ынтымақтастықтың негізгі бағыты Қазақстанды Иран аумағы арқылы халықаралық теңіз жолдарына шығаратын көлік және транзит жолдарын дамыту болуы тиіс.