date

Бұрынғы кеңесші Астана қаласында өлтірілді

Бұрынғы кеңесші Астана қаласында өлтірілді
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бұрынғы кеңесшісі Ержан Бабақұмаров Астана қаласында танысымен болған жанжалдың нәтижесінде қаза тапты. Бұл туралы Orda.kz басылымы полиция мәліметтеріне сілтеме жасап хабарлады.

Тергеу дерегінше, 56 жастағы Бабақұмаров пен 36 жастағы ер адам арасында шыққан дау жанжалға айналған және оқиға барысында бұрынғы шенеунік ауыр жарақат алып, қаза болған. Күдіктіге қатысты қылмыстық іс қозғалып, қазір ол уақытша ұстау изоляторында ұсталып отыр.

Қасым-Жомарт Тоқаев 2019 жылы Президент қызметіне кіріскеннен кейін, Бабақұмаров оның кеңесшісі болып тағайындалған еді. Алайда араға біраз ай салып, ол бұл қызметті тастады.

2019 жылдың сәуірінен 2022 жылдың ақпан айына дейін ол Алматы қаласы әкімінің орынбасары қызметін атқарған және 2022 жылғы қаңтар оқиғаларынан кейін отставкаға кеткен еді.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Жаңалықтар » Әлем » Бұрынғы кеңесші Астана қаласында өлтірілді