date

Өзбекстанда өлімдер саны артып келеді

Өзбекстанда өлімдер саны артып келеді

Өзбекстанда 2025 жылы өмірден өткендердің саны 177 104 адамды құрады. Ұлттық статистика комитеті келтірген мәліметтерге сәйкес, бұл көрсеткіш 2024 жылмен салыстырғанда 2,7 мың адамға артқан.

Бір жыл ішінде қайтыс болғандардың 55,1 пайызы ер адамдар (97,5 мың адам), 45,9 пайызы әйелдер (81,4 мың) үлесіне тиесілі болған. Сондай-ақ, қайтыс болғандардың 54,1 пайызы қала аумақтарында тұратындар (95,7 мың адам), 45,9 пайызы ауылдық жерлерде тұратындар (81,4 мың адам) болғаны атап өтілген.

Өлім себептері талданғанда, азаматтар ең көп қан айналым жүйесі аурулары салдарынан көз жұмғаны айтылуда. Елде жыл сайынғы өлім жағдайларының жартысынан көбі дәл қан айналым жүйесі аурулары себебінен орын алатыны көрсетіледі. 2025 жылдың соңғы тоқсанында осы фактор салдарынан қайтыс болғандардың саны 104 мың адамнан асып кеткен. Келесі орындарда ісік аурулары, тыныс алу ағзалары аурулары және басқа да ауру түрлері өлімге себеп болған.

Өңірлер бойынша өлім көрсеткіштері

-Қарақалпақстан Республикасы — 10 400;
-Әндіжан облысы — 16 948;
-Бұхара облысы — 9394;
-Жыззақ облысы — 6294;
-Қашқадария облысы — 15 637;
-Науаи облысы — 4781;
-Наманган облысы — 14 397;
-Самарқанд облысы — 19 670;
-Сұрхандария облысы — 12 891;
-Сырдария облысы — 4624;
-Ташкент облысы — 16 984;
-Ферғана облысы — 18 695;
-Хорезм облысы — 9481;
-Ташкент қаласы — 16 926.

2030 жылға дейінгі мақсат және өмір сүру ұзақтығы динамикасы

Өзбекстанда 2030 жылға дейін халықтың орташа өмір сүру ұзақтығын 78 жасқа жеткізу мақсат етіп қойылған. Ұлттық статистика комитеті мәліметтерінде тұрақты халықтың орташа өмір сүру ұзақтығының динамикасы жылдар бойынша төмендегідей берілген:

-1991 жылы — 66,4 жас;
-1995 жылы — 69,1 жас;
-2000 жылы — 70,8 жас;
-2005 жылы — 71,8 жас;
-2010 жылы — 73 жас;
-2015 жылы — 73,6 жас;
-2020 жылы — 73,4 жас;
-2023 жылы — 74,7 жас;
-2024 жылы — 75,1 жас.

Шавкат Мирзиёев 2025 жылдың тамыз айында Тәуелсіздік күніне орай өткен мерекелік салтанатта сөз сөйлеп, соңғы жылдары медицинаға бөлінетін қаражаттың 6 есе артқанын, халықтың тұрмыс жағдайларының жақсара түсуі нәтижесінде орташа өмір сүру ұзақтығы көрсеткіші 73,8 жастан 75,1 жасқа дейін ұзарғанын атап өткен.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Меҳмон» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Өзбекстан » Өзбекстанда өлімдер саны артып келеді