
Түркия Өзбекстан азаматтары үшін электронды жұмыс визаларын енгізу мәселесін қарастыруда. Бұл мәселе 27-қазан күні Анкарада Өзбекстан делегациясының Түркия Ішкі істер министрлігінің басшылығымен кездесуі кезінде талқыланды.
Түркия ішкі істер министрінің орынбасары Мехмет Окташтың айтуынша, екі ел басшыларының күш-жігерінің арқасында бүгінде Өзбекстан мен Түркия арасында, әсіресе ішкі істер саласында тығыз байланыстар орнаған. Түркия тарапы сондай-ақ басқа түрлі визалар негізінде Түркияда жүрген Өзбекстан азаматтарына елден шықпай-ақ жұмыс істеуге рұқсат алу мүмкіндігін қарастыратынын мәлімдеді.
Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз Тақырыпқа қатысты жаңалықтар