date

"Атлетико" қонақта "Жиронаны" ірі есеппен жеңді

"Атлетико" қонақта "Жиронаны" ірі есеппен жеңді

Испания чемпионатының 17-туры аясында "Атлетико" сырт алаңда каталониялық "Жиронаға" қарсы ойнады. Бұл кездесуде Диего Симеоне шәкірттері толық басымдылық танытып, қарсылас қақпасын жауапсыз үш рет соқты.

Кездесудің алғашқы минуттарынан-ақ "матрасшылар" ойынды өз бақылауына алды. 13-минутта команда капитаны Коке есеп ашып, қонақтарды алға шығарды. Бұл гол "Атлетикоға" сенімділік сыйлап, команда шабуылдарын тоқтатпады.

Бірінші таймның ортасынан кейін мадридтік команда басымдылығын арттыра түсті. 38-минутта Галлахер дәл соққымен есепті еселеді. "Жирона" жауап беруге тырысқанымен, "Атлетико" қорғанысы мықты қимылдады.

Екінші таймда ойын қарқыны сәл бәсеңдегенімен, "матрасшылар" бақылаудан айырылған жоқ. Кездесуге қосылған минуттарда Антуан Гризманн өз есімін таблоға жазып, ойынды аяқтады - 3:0.

Жирона - Атлетико 0:3

Голдар: Коке 13, Галлахер 38, Гризманн 90+2

Жирона - Газзанига, Франсес (Ринкон, 61), Витор Рейс, Блинд, Морено, Цыганков (Ромеро, 71), Мартинес, Витсель, Мартин (Лемар, 71), Рока (Асприлла, 46), Ванат,

Атлетико - Облак, Лиоренте (Гризманн, 78), Пубил, Ханско, Руджери, Симеоне, Барриос, Коке, Гонсалес (Галлахер, 28, Галлахер, 77), Альварес (Альмада, 77), Сёрлот (Распадори, 83)

Бұл жеңістен кейін "Атлетико" ұпай санын 37-ге жеткізіп, Ла Лига кестесінде 3-орынға көтерілді. Ал "Жирона" 15 ұпаймен қауіпті аймақта - 18-орында қалып қойды.

Симеоне командасы маусым бойы тұрақты ойын көрсетіп жатқанын тағы бір дәлелдеді. Мұндай сенімді жеңістер "Атлетиконы" чемпиондық жарыста елеулі қарсылас ретінде ұстап тұр.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Меҳмон» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Спорт » "Атлетико" қонақта "Жиронаны" ірі есеппен жеңді