date

Ресейден 4,3 мың заңсыз мигрант шығарылады


Ресейде "Заңсыз-2025" операциясы аясында елден 4,3 мыңнан астам заңсыз мигрант шығарылатын болады. Бұл туралы Мәскеу облысы Ішкі істер басқармасының баспасөз қызметінің жетекшісі Татьяна Петрова хабарлады.

Оның айтуынша, соттар тарапынан заң бұзушылық жасаған мигранттарды әкімшілік түрде елден шығару бойынша 4,3 мыңнан астам шешім қабылданған. Операция барысында миграция саласында 15,7 мыңға жуық заң бұзушылық анықталған.

Полиция қызметкерлері көші-қон заңнамасына қатысты мыңдаған ережебұзушылықтарды анықтады. Атап айтқанда, Ресейде болу мерзімі мен ережелерін бұзғаны үшін 10 мыңнан астам хаттама толтырылған, 2,1 мыңнан астам жағдайда шетелдіктердің заңсыз еңбек етуі анықталған.

Сондай-ақ, мигранттарды рұқсатсыз жұмысқа қабылдаған жұмыс берушілер де назардан тыс қалмаған — оларға қатысты 1,6 мыңнан астам әкімшілік іс қозғалған. Бұдан бөлек, тергеу органдары тарапынан 748 қылмыстық іс ашылған.

Көп кездесетін заң бұзушылықтар арасында келгендерді жалған тіркеуге қою (430 жағдай) және миграцияға қатысты құжаттарды қолдан жасау (235 жағдай) анықталған. Сондай-ақ, заңсыз есірткі айналымына байланысты қылмыстар да анықталған — бұл бойынша 29 қылмыстық іс, басқа заң бұзушылықтарға қатысты 24 іс қозғалған.

Операцияның бірінші кезеңі биылғы 16-25 маусым күндері, екінші кезеңі 13-22 қазан аралығында өткізілген.
Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Жаңалықтар » Әлем » Ресейден 4,3 мың заңсыз мигрант шығарылады