Хаби Алонсо Винисиусқа бағытталған ысқырықтарға пікір білдірді

Хаби Алонсо Винисиусқа бағытталған ысқырықтарға пікір білдірді
Мадридтің "Реал" командасының бас бапкері Хаби Алонсо Ла Лиганың 17-турында "Севильяға" қарсы ойында Винисиус Жуниорға трибунадан естілген ысқырықтарға қатысты пікір білдірді. Бапкердің айтуынша, жанкүйерлер өздерінің көзқарастарын ашық білдіру құқығына ие.

Еске сала кетейік, Алонсо бразилиялық футболшыны 83-минутта ойыннан шығарды. "Жанкүйерлер еркін: олар өз пікірін ашық айтуға толық құқығы бар", – деп Алонсоның сөзін "Реалдың" баспасөз қызметі келтірді.

Винисиус болса, ауыстырылғаннан кейін әлеуметтік желідегі парақшасынан "Реал" формасындағы суретін алып тастап, статусына көптеген нүкте қойды. Винисиус соңғы рет 8-турда, 4 қазан күні "Вильярреал" қақпасына дубль жасаған болатын.

Содан кейін оның ең есте қалған сәті 1 қарашада "Валенсияға" қарсы матчта жүзеге асыра алмаған пенальти эпизоды болды.

Пікірлер 0

…

Байланысты жаңалықтар