date

Ресейден 35 бала Өзбекстанға қайтарылды

Ресейден 35 бала Өзбекстанға қайтарылды
Ресейде ата-анасыз қалған 35 өзбекстандық бала отанына қайтарылды. Бұл туралы "Дунё" ақпарат агенттігі хабарлады.

Оларды қайтару бойынша операцияны Өзбекстанның Ресейдегі дипломатиялық өкілдігі, Денсаулық сақтау министрлігі және Ұлттық әлеуметтік қорғау агенттігінің өкілдері жүзеге асырды. 9-16 қазан күндері жұмыс тобы Санкт-Петербург, Челябі және Мәскеуден 16 баланы, сондай-ақ Екатеринбург, Волгоград, Уфа, Нижний Новгород, Хакасия, Мәскеу облысы, Махачкала және Новосібірден 19 баланы қайтарып әкелді.

Балаларға қайтар алдында қажетті құжаттар рәсімделіп, медициналық тексеруден өткізілді.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Жаңалықтар » Әлем » Ресейден 35 бала Өзбекстанға қайтарылды