date

Сауд Арабиясы 24 мың пәкістандық қайыршыны депортациялады

Сауд Арабиясы 24 мың пәкістандық қайыршыны депортациялады

Сауд Арабиясы үкіметі ел аумағында заңсыз қайыршылықпен айналысқан 24 мың Пәкістан азаматын елден шығарды. Билік өкілдерінің айтуынша, бұл адамдар Умра және басқа да виза түрлері арқылы Сауд Арабиясына өтіп, кейіннен ұйымдасқан қайыршылық желілеріне қосылған.

Дәл осындай жағдайлар басқа елдерде де тіркелген. Атап айтқанда, БАӘ 6 мың, Әзербайжан шамамен 2,5 мың пәкістандықты дәл осы себеппен кері қайтарды. Бұл жағдай халықаралық деңгейде күрделі мәселеге айналып бара жатқаны айтылуда.

Пәкістан ресмилерінің айтуынша, қайыршылық жеке адамдардың жеке мәселесі емес, қылмыстық топтар басқаратын жүйелі әрекетке айналған. Мұндай желілер арқылы адамдар шетелге жіберіліп, заңсыз табыс көзі ретінде пайдаланылуда.

Пәкістан үкіметі бұл жағдай елдің халықаралық беделіне елеулі нұқсан келтіретінін мойындап, мұндай жағдайларды жою үшін қатаң шаралар қабылдау қажеттігін атап өтті.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Меҳмон» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Әлем » Сауд Арабиясы 24 мың пәкістандық қайыршыны депортациялады