date

NASA Күнді алғаш рет осындай дәлдікпен көрсетті

NASA Күнді алғаш рет осындай дәлдікпен көрсетті

NASA-ның PUNCH миссиясы Күн туралы бұрын-соңды болмаған егжей-тегжейлі суреттерді ұсынды. Ресми мәлімет бойынша, ғарышта шамамен 13 мың шақырым қашықтықта орналасқан төрт шағын спутник бірлесіп "виртуалды телескоп" ретінде жұмыс істеп, Күннің сыртқы атмосферасын - тәж бен күн желін тұтастай суретке түсіре алды.

Оңтүстік-Батыс зерттеу институтының басшылығымен жүзеге асырылған миссия іске қосылғаннан кейін бір жыл өткен соң маңызды нәтижелерге қол жеткізді. Атап айтқанда, қараша айында АҚШ аумағы бойынша полярлық сәулелерді тудырған күшті күн дауылы егжей-тегжейлі бақыланды. Бұл деректер ғарыштық ауа райын жақсырақ түсінуге және болжауға көмектеседі.

Жүйе Күннен бөлінетін плазма бұлттарын - тәждік массаның атқылауын және күн желінің қозғалысын нақты көрсетеді. Сондай-ақ басқа телескоптар байқай алмайтын әлсіз және сирек кездесетін кометалар да анықталды, соның ішінде 40 күнге жуық бақыланған жұлдызаралық комета.

Мамандардың айтуынша, озық камералар Күн сәулесін триллион еседен астам әлсіретіп, өте нәзік процестерді де ашып береді. Бұл Күн жүйесіндегі жақын ортамызды тереңірек түсінуге мүмкіндік береді.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Меҳмон» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Әлем » NASA Күнді алғаш рет осындай дәлдікпен көрсетті