date

ExxonMobil Еуропаны тастап кетуі мүмкін

ExxonMobil Еуропаны тастап кетуі мүмкін
ExxonMobil компаниясының бас директоры Даррен Вудс Reuters агенттігіне берген мәліметіне қарағанда, оның компаниясы Еуропа Одағындағы қызметін тоқтатуы мүмкін. Себебі, Брюссель тұрақты даму туралы заңды қайта қарамаса, бұл шара қолданылуы әбден мүмкін.

Аталған заңға сәйкес, егер компаниялар тұрақты даму көрсеткіштеріне сай болмаса, олардың жаһандық айналымының 5 пайызы көлемінде айыппұл салынады. Даррен Вудстың айтуынша, ExxonMobil бұл директиваға қатаң қарсы шығып, егер заң осы күйінде қабылданса, оның «апатты салдары» болуы мүмкін екенін ескерткен.

Әзірге құжатты қайта қарау бойынша жүргізілген келіссөздер айтарлықтай нәтиже берген жоқ. Reuters хабарлауынша, Брюссель жыл соңына дейін құжатқа өзгерістер енгізу мәселесін қарастыруды жоспарлап отыр.

Бұл заңға Катар да теріс баға берген. Еуропаға сұйытылған газ жеткізетін Доха аталған құжатты тоқтатуды немесе жұмсартуды талап етіп отыр.

«Біз шығарындыларды нөлдік деңгейге түсіре алмаймыз, бұл басқа талаптардан бөлек, маңызды шарттардың бірі», – дейді QatarEnergy бас директоры Саад әл-Кааби.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Жаңалықтар » Әлем » ExxonMobil Еуропаны тастап кетуі мүмкін