date

Қарақалпақстанда AI жобалары салықтардан босатылады

Қарақалпақстанда AI жобалары салықтардан босатылады
Өзбекстан Қарақалпақстанның батыс аймағында жасанды интеллект (AI) және мәліметтерді қайта өңдеу орталықтары (MQIM) саласындағы жобалар үшін салықсыз аймақ құрады. Бұл туралы Reuters республика үкіметіне сілтеме жасап хабарлады.

100 миллион АҚШ доллары және одан да көп қаражат салуға дайын шетелдік компаниялар 2040 жылға дейін салықтар мен кедендік төлемдерден толық босатылады. Үкімет қажетті инфрақұрылымды салуды және электр энергиясын жеңілдетілген бағамен жеткізуді уәде еткен.

Reuters-тің атап өтуінше, үкімет инфрақұрылым құрылысы қашан басталатынын әлі жарияламаған. Ташкентте жобада қатысуға ниетті компаниялардың аттары да ашылған жоқ.

Өзбекстан 2030 жылға дейін AI және IT-инфрақұрылымын дамыту үшін 1 миллиард доллардан астам шетелдік инвестиция тартуды жоспарлап отыр.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Жаңалықтар » Әлем » Қарақалпақстанда AI жобалары салықтардан босатылады