date

Трампқа күтпеген соққы: Дания Гренландия үшін "соғыс" жариялады

Трампқа күтпеген соққы: Дания Гренландия үшін "соғыс" жариялады

Дания сыртқы істер министрі Ларс Локке Расмуссен АҚШ президенті Дональд Трампты Гренландия мәселесінде қатаң позициясынан бас тартуға шақырды. Оның айтуынша, аралға қатысты кез келген қысым немесе күш қолдану әрекеті Дания корольдігіне қарсы шабуыл ретінде бағаланады. Бұл туралы Bloomberg басылымы хабарлады.

Расмуссеннің айтуынша, Дания үкіметі АҚШ тарапынан Гренландияны беру немесе оны бақылауға алуға бағытталған талаптарға ешқашан бағынбайды. Осыған байланысты ол Трамп әкімшілігінің ұстанымын ресми түрде түсіндіру үшін АҚШ-тың Даниядағы елшісін Сыртқы істер министрлігіне шақырды.

"Корольдіктің кез келген бөлігіне жасалған шабуыл бүкіл корольдікке қарсы шабуыл болып саналады," - деді министр жергілікті TV2 телеарнасына берген сұхбатында. Ол сондай-ақ Гренландия аумағы НАТО қауіпсіздік жүйесі аясында қорғалатынын ерекше атап өтті.

Гренландия үкіметі де бұл мәселе бойынша өз ұстанымын ашық білдірді. Арал премьер-министрі Йенс-Фредерик Нильсен АҚШ-қа Гренландияны берудің кез келген мүмкіндігін үзілді-кесілді жоққа шығарды.

"Гренландия гренландиялықтарға тиесілі. Аралдың аумақтық тұтастығы құрметтелуі керек," - деп жазды ол Facebook парақшасында. Нильсен сондай-ақ АҚШ тарапынан айтылған мәлімдемелер гренландиялықтар арасында үлкен алаңдаушылық туғызып жатқанын жасырмады.

Еске сала кетейік, 22 декабрьде Дональд Трамп республикашыл Луизиана штатының губернаторы Джефф Ландриді Гренландия бойынша арнайы елші етіп тағайындағанын хабарлаған еді. Ландри бұл шешім үшін ризашылығын білдіріп, АҚШ-тың аралды сатып алу ниетін ашық растады.

Кейінірек Трамп Гренландия АҚШ үшін табиғи байлықтар емес, ұлттық қауіпсіздік тұрғысынан маңызды екенін айтты. Бірақ бұл түсініктемелер де Гренландия мен Дания басшыларының көзқарасын жұмсартпады. Йенс-Фредерик Нильсен АҚШ-тың аралды басып алу ниеті оны қатты қынжылтатынын айтып, халықаралық құқық пен егемендік принциптерін сақтауға шақырды.

Әзірге мәселе дипломатиялық шеңберде талқылануда, бірақ Дания тарапынан жасалған қатаң мәлімдемелер Копенгагеннің Гренландия мәселесінде артқа шегінбейтінін анық көрсетеді.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Меҳмон» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Әлем » Трампқа күтпеген соққы: Дания Гренландия үшін "соғыс" жариялады