date

Бішкекте кафе мен мейрамханалардың түнде жұмыс істеуіне тыйым салынды

Бішкекте кафелер мен мейрамханалардың түнде жұмыс істеуіне тыйым салынды
Қырғызстан астанасы Бішкек қаласының әкімдігі барлық қоғамдық тамақтану орындарына, соның ішінде кафелер, барлар мен клубтарға сағат 22:00-ден кейін жұмыс істеуге тыйым салды. Бұл шешім тыныштық туралы заң бойынша қабылданған.

Бұл туралы Kaktus.media хабарлады. Мекеме иелеріне сағат 22:00-ден кейін барлық салтанатты және ойын-сауық шараларын тоқтатып, электр желілерін пайдаланатын пештер мен жылыту құрылғыларын сөндіру тапсырылды.

Бұл бастама Мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Камчибек Ташиевтің заңның орындалуын қамтамасыз етуге қатысты ұсыныстарынан кейін қабылданды. Аудан әкімдіктеріне жаңа ережелердің орындалуын бақылау және тұрақты рейдтер ұйымдастыру міндеті жүктелді.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Меҳмон» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Әлем » Бішкекте кафе мен мейрамханалардың түнде жұмыс істеуіне тыйым салынды