date

Түркия мектептерінде "Түркістан" атауы енгізілді


2025 жылғы 20 қарашада Түркияның Ұлттық білім министрлігі мектеп бағдарламасына "Түркістан" терминін енгізіп, оны "Орталық Азия" ұғымының орнына қолдануды бастады. Бұл туралы Turkish Minute хабарлады.

Министрліктің басшысы Юсуф Текин бұл өзгеріс түркі дүниесі арасындағы бірлікті нығайту мақсатында іске асырылғанын атап өтті. Оның айтуынша, Түркияның білім беру жүйесінен империялық мазмұнға ие географиялық атаулар алынып тасталуда.

Turkish Minute-тің мәліметіне сүйенсек, "Түркістан" термині тарихта Ресей, Қытай және қазіргі Орталық Азия республикаларының шекаралары қалыптасқанға дейін түркітілдес халықтар мекендеген аймақтарды белгілеу үшін қолданылған.
Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Меҳмон» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Әлем » Түркия мектептерінде "Түркістан" атауы енгізілді