
Theranos стартапының негізін қалаушы Элизабет Холмстың түрмедегі мерзімі бір жылға қысқарды, деп хабарлайды Business Insider. Осылайша, ол 2031 жылдың желтоқсан айының соңында бостандыққа шығуы мүмкін.
Бұл кәсіпкердің түрмедегі мерзімінің қысқаруы бірінші рет болып тұрған жоқ. Бұған дейін, 2023 жылы да оның мерзімі қысқартылған еді.
Холмс инвесторларды алдады деген айыппен түрмеге сотталған. Ол негізін қалаған Theranos компаниясы небәрі бір тамшы қанның көмегімен жүздеген талдау жасау мүмкіндігін уәде еткен болатын.
Алайда бұл технологияның жұмыс істемейтіні анықталған. Сонымен қатар құрылғының АҚШ армиясы үшін рұқсат алғаны туралы мәлімдемелер де жалған болып шыққан.
Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз Тақырыпқа қатысты жаңалықтар
Ақпарат
«Меҳмон» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
«Меҳмон» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.