date

Фабрегастың "Комосы" Флоренцияда сенсация жасады: "Фиорентина" "аутта"

Фабрегастың "Комосы" Флоренцияда сенсация жасады: "Фиорентина" "аутта"

Италия Кубогының 1/8 финалында "Фиорентина" өз алаңында "Комоны" қабылдады. "Артемио Франкиде" ширек финалға жолдама үшін өткен кездесуде жанкүйерлер голды ұзақ күтпеді - ойын тез "қызды."

Кездесудің 7-минутында Роберто Пикколидің соққысы дәл тиіп, алаң иелері есеп ашты. Стадиондағы ахуал бірден "Фиорентина бүгін істі тез шешеді" деген көңіл-күйге еніп үлгерді.

Бірақ тамаша маусым өткізіп жатқан Сеск Фабрегастың шәкірттері моральдық тұрғыдан сынбады. "Комо" өзін жоғалтпады, шабуылда шиеленісті арттырды және бірінші таймның 20-минутында Серхи Роберто есепті теңестірді - 1:1. Осы голдан кейін ойын сценарийі түбегейлі өзгерді: "Комо" сенім тапты, ал "Фиорентина" асығыс шешімдерге көшті.

Екінші таймда қонақтар қысымды одан әрі күшейтті. 60-минутта Нико Пас гол соғып, "Комоны" алға шығарды. "Фиорентина" жағдайды құтқару үшін көбірек алға шықты, бірақ бұл да артқы сызықта бос орындарды қалдырды. Нәтижесінде 90+1-минутта Альваро Мората соңғы нүктені қойды - 1:3.

Осылайша, "Фиорентина" Италия кубогындағы қатысуын 1/8 финалда аяқтады. Ал "Комо" үлкен қадам жасап, ширек финалға шықты және келесі кезеңде "Наполимен" кездеседі.

Италия Кубогы 1/8 финалы

"Фиорентина" - "Комо" 1:3

28 қаңтар, "Артемио Франки"

Голдар: Роберто Пикколи (7) - Серхи Роберто (20), Нико Пас (60), Альваро Мората (90+1).

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Меҳмон» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Спорт » Фабрегастың "Комосы" Флоренцияда сенсация жасады: "Фиорентина" "аутта"