Uzbekistan Airways 34 жылдығына орай 30%-ға дейін жеңілдік берді

Uzbekistan Airways өзінің 34 жылдығына орай тарифтерге 30%-ға дейін жеңілдік жариялады. Әуе компаниясының хабарлауынша, акция бағыттар желісіндегі барлық бағыттарға қолданылады және жолаушыларға келесі сапарын алдын ала жоспарлауға мүмкіндік береді.
Айта кетейік, жеңілдік тек бір күн - 28 январьда ғана қолданылады. Әуе компаниясы жолаушыларды ұсынысты пайдаланып қалуға шақырып, билеттерді ресми арналар арқылы сатып алуды ұсынды.
Билеттерді booking.uzairways.com сайты, мобильді қосымша, Uzbekistan Airways Sales филиалдары және агенттіктер арқылы табуға болады. Жеңілдік тек тариф бөлігіне ғана қатысты болып, салықтар мен алымдар бөлек төленетіні ескертілді.
“Zamin”-ді Telegram-нан оқыңыз!Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз