date

Prada енді Versace иесі

Prada енді Versace иесі

2025 жылғы 3 желтоқсан күні Prada сән үйі Versace брендіне Capri Holdings компаниясынан 1,4 миллиард АҚШ долларына сатып алғанын ресми түрде жариялады. Бұл келісім реттеуші органдар тарапынан мақұлданды.

Енді Versace Prada Group құрамындағы люкс брендтердің қатарынан орын алды. Топтың портфелінде Miu Miu, Church’s, Car Shoe сынды танымал брендтер де бар.

Prada Group мәлімдемесіне сәйкес, компания киім, аяқ киім және былғары өнімдерді өндіру және сату бағытында жұмыс істейді. Өнімдері әлемнің 70-тен астам еліндегі 620 дүкен арқылы таратылады.

Prada — 1913 жылы Марио Прада негізін қалаған және сән символына айналған италиялық сән үйі. Бренд минималистік силуэттерімен, инновациялық материалдарымен және қатаң, бірақ әсерлі эстетикасымен танымал.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Меҳмон» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Әлем » Prada енді Versace иесі