Бристоль мұражайынан 600-ден астам экспонат ұрланды

Ұлыбританияның Бристоль қаласындағы музейден 600-ден астам экспонат ұрланғаны туралы CNN хабарлады. Бұл ұрлық 2025 жылғы 25 қыркүйекте болған.
Ұрланған артефактілер Ұлыбритания империясы мен Достастық тарихымен байланысты болып, үлкен мәдени маңызға ие. Полиция 2025 жылғы 11 желтоқсанда төрт күдіктінің суретін жариялап, қоғамнан көмек сұрады.
Ұрланған заттар арасында зергерлік бұйымдар, әскери ескерткіштер, сондай-ақ піл сүйегінен, қола мен күмістен жасалған нақышталған мүсіндер де бар. Архив қызметкерлері бұл жоғалтуды оқиғадан кейінгі күні анықтаған.
Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз