date

Wildberries онлайн кинотеатр ашады

Wildberries онлайн кинотеатр ашуды жоспарлап жатыр

Ірі сауда платформасы болып саналатын Wildberries сандық қызметтерін одан әрі кеңейтуге ниетті. RBK басылымы дереккөздеріне сүйене отырып хабарлағандай, компания онлайн кинотеатр іске қосу бойынша жұмыс жасап жатыр. Жоба толық жүзеге асса, Wildberries тек тауар сатумен шектелмей, бейне-контент нарығында да өз орнын алуы мүмкін.

Мәлім болғандай, компания бұған дейін Ivi стриминг платформасын сатып алу мүмкіндігін де қарастырған. Алайда ақырында дайын сервисті сатып алудан бас тартып, мүлдем жаңа онлайн кинотеатрды нөлден жасап шығу нұсқасын таңдаған. Бұл Wildberries-тің ұзақ мерзімді және тәуелсіз стратегияға сүйенетінін көрсетеді.

Дереккөздерге сүйенсек, жаңа стриминг платформасы 2026 жылы іске қосылады деп күтілуде. Контент саясаты мен шығармашылық бағытты Comedy Club Production негізін қалаушы Артур Жәнибекян қадағалауы мүмкін. Ол бұрын «Наша Russia», «Дом-2», «Университет» сияқты халық арасында танымал жобаларда жұмыс істегенімен белгілі.

Сонымен бірге, Wildberries және Russ сыртқы жарнама операторы біріккен RWB баспасөз қызметі бұл мәліметтерге нақты пікір білдірмеді. Компания өкілдері онлайн кинотеатр іске қосу туралы хабарларды не растаған жоқ, не теріске шығармады және мұндай сыбыстарға түсініктеме бергісі келмейтінін атап өтті.

Айта кетерлік жайт, Wildberries соңғы жылдары тек электрондық коммерциямен шектеліп отырған жоқ. Компания TikTok-қа ұқсас Wibes әлеуметтік желісін іске қосты, ал 2023 жылғы желтоқсаннан бастап такси қызметі Өзбекстанда жұмысын бастады. Сондай-ақ, Fun&Sun туроператорын сатып алуы да Wildberries компаниясының сервистер экожүйесін қарқынды кеңейтіп жатқанын көрсетеді.

Егер онлайн кинотеатр туралы жоспарлар жүзеге асса, Wildberries Ресей мен аймақта стриминг нарығында маңызды ойыншыға айналуы мүмкін. Бұл бәсекелестікті арттырып, көрермендер үшін бай әрі қызықты контент ұсынуға үлес қосары сөзсіз.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Меҳмон» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Әлем » Wildberries онлайн кинотеатр ашады