date

Түркияда Жаңа жыл қарсаңында теракт дайындады деген күдікпен 127 адам ұсталды

Түркияда Жаңа жыл қарсаңында теракт дайындады деген күдікпен 127 адам ұсталды

Түркияда Жаңа жыл мерекесі қарсаңында ықтимал терактілерді жоспарлады деген күдікпен 127 адам ұсталды. TRT Haber мәліметінше, құқық қорғау органдары оларды «Ислам мемлекеті» (ИМ) тобымен байланысты деп есептейді. Бұл туралы kursiv.uz хабарлады.хабарлайды.

Арнайы рейдтер Ыстамбұл мен Анкара қалаларында өтті: Ыстамбұлда 110 адам, Анкарада 17 адам ұсталды.

Прокуратура дерегінше, ұсталғандардың кемінде 40-ы бір күн бұрын Ялова қаласында полиция қызметкерлеріне жасалған шабуылға қатысы бар жасырын топпен байланысқан. Жергілікті БАҚ-тың жазуынша, күдіктілерді ұстау әрекеті кезінде атыс қаруы қолданылып, салдарынан үш полиция қызметкері қаза тапқан.

Билік өкілдері Яловадағы оқиғадан кейін Ыстамбұл мен Анкарада ауқымды тексерулер ұйымдастырылғанын, ал операция мереке күндері қауіпсіздікті қамтамасыз етуге және ықтимал шабуылдардың алдын алуға бағытталғанын мәлімдеді.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Меҳмон» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Әлем » Түркияда Жаңа жыл қарсаңында теракт дайындады деген күдікпен 127 адам ұсталды