date

Узбекистанда Cobalt өндiрiсi азайды

Узбекистанда Cobalt өндiрiсi азайды
2025 жылдың тоғыз айында Узбекистанда 116 мың дана Cobalt автокөлігі өндірілгені белгілі болды. Бұл 2024 жылдың қаңтар-қыркүйек айларымен салыстырғанда 1,69 мың данаға аз.

2025 жылғы 1 қазан жағдайы бойынша елде әртүрлі маркадағы 326,3 мың дана жеңіл автокөлік өндірілді, бұл өткен жылға қарағанда 28,6 мыңға (9,6 пайызға) көп. Cobalt-пен қатар, Damas (67,8 мың), Tracker (34,1 мың) және Onix (22,5 мың) модельдері де көп көлемде өндірілді.

Соған қарамастан, Damas моделінің өндірісі де 2,1 мың данаға азайды. Есепті кезеңде, сондай-ақ, KIA — 19,6 мың, BYD — 13,7 мың, Chery — 6,8 мың, Haval — 6,2 мың және Tank 500 автокөлігінің 47 данасы өндірілгені атап өтілді.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Жаңалықтар » Авто » Узбекистанда Cobalt өндiрiсi азайды