date

Каррагер: "МЮ мен Борнмут ойыны маусымның ең үздігі"


Ағылшын Премьер-лигасының 16-турындағы ойын қорытындысында "Манчестер Юнайтед" сырт алаңда "Борнмут" командасымен 4:4 есебімен тең ойнады. Көрермендерді қызықтырған бұл кездесу "Ливерпульдің" бұрынғы ойыншысы Джейми Каррагерде ерекше әсер қалдырды.

Каррагер BBC Sport-қа берген сұхбатында бұл ойын Ағылшын Премьер-лигасының ағымдағы маусымындағы ең үздік матч болғанын айтты: «Меніңше, біз осы маусымдағы чемпионаттағы ең үздік кездесуді көрдік. Дәл осындай ойындар Премьер-лиганы өзгеше лига етеді.

Тіпті оны әлемдегі ең үздік деп атаудан тайынбаймын. Ойынның көп бөлігінде "Манчестер Юнайтед" таңғаларлықтай жақсы ойын көрсетті».

Бұл нәтижеден кейін "Борнмут" Англия чемпионатының турнирлік кестесінде 13-орынды иеленіп тұр. Ал "Манчестер Юнайтед" 5-орынға көтерілді.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Меҳмон» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Спорт » Каррагер: "МЮ мен Борнмут ойыны маусымның ең үздігі"