date

Кейбір ауруларда қауіпсіздік белдігін тақпауға рұқсат етіледі


Қазақстанда кейбір ауруларға шалдыққан жүргізушілерге қауіпсіздік белдігін тақпауға рұқсат етілуі мүмкін. Денсаулық сақтау министрлігі қауіпсіздік белдігін тақпауға мүмкіндік беретін аурулардың тізімін бекіту жобасын жариялады.

Құжат қоғамдық талқылауға ұсынылды. Тізімде 17 ауру көрсетілген, олардың ішінде кеуде қуысының, қабырғалардың және омыртқаның сынуы, астма мен созылмалы өкпе ауруларының ауыр түрлері, күрделі жүрек аурулары, үшінші дәрежелі семіздік, бойы өте аласа адамдар және неврологиялық пен тері аурулары бар.

Сондай-ақ, жүкті әйелдерге де қауіпсіздік белдігін тақпауға рұқсат етілуі мүмкін. Бұл ауруларға шалдыққан азаматтарға «Электрондық денсаулық сақтау» жүйесі арқылы QR-коды бар электрондық медициналық анықтама беріледі.

Мұндай анықтаманы азамат өзіне тіркелген емханадан ала алады.
Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Жаңалықтар » Авто » Кейбір ауруларда қауіпсіздік белдігін тақпауға рұқсат етіледі