date

Әуежай дәретханасынан шыққан жылан жолаушыларды шошытты

Әуежай дәретханасынан шыққан жылан жолаушыларды шошытты

Ресейдің Сочи қаласындағы әуежайда ерекше әрі үрейлі жағдай орын алды. Әлеуметтік желіде тараған видеода әйел адамның әуежай дәретханасына кіргенде жыланды көріп қалғаны түсірілген.

Куәгердің айтуынша, жылан унитаз жанынан шыққан. Бұл жағдай оның өзін ғана емес, маңайдағы басқа жолаушыларды да таңғалдырып, қорқыныш тудырды. Әйел оқиғаны дереу телефонына түсіріп, әуежай қызметкерлеріне хабарлаған.

Видео интернетке жүктелгеннен кейін тез тарап, қолданушылар арасында қызу талқыға түсті. Көпшілік мұндай орындарда қауіпсіздік пен санитария мәселелеріне жіті назар аудару керектігін айтуда.

Әйелдің сөзінше, әуежай қызметкерлері жағдайды тез бақылауға алып, жолаушыларды сабырға шақырған және дүрбелең жасамауды сұраған. Әзірге жыланның қайдан келгені және оқиғаның мән-жайы туралы ресми түсініктеме берілген жоқ.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Қонақ» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Әлем » Әуежай дәретханасынан шыққан жылан жолаушыларды шошытты