date

Келін марқұм ұлының жүрегін қайта естіді

Келін марқұм ұлының жүрегін қайта естіді

АҚШ-тың Джорджия штатында тұратын Кэси Уилсон есімді келін өз үйлену тойында ұмытылмас әрі әсерлі сәттерді бастан кешірді.

Оның 4 жасар ұлы Майлз 2023 жылы жазатайым оқиға салдарынан қайтыс болғаннан кейін, анасы оның мүшелерін донорлыққа тапсырған еді.

Нәтижесінде Майлздың жүрегі сол уақытта ағза ауыстыру (трансплантация) отасына мұқтаж болған 7 жасар Салех Ахмад есімді баланың өмірін сақтап қалды.

Үйлену тойы басталмас бұрын келін кішкентай Салехтің кеудесіне құлағын қойып, марқұм ұлының жүрек соғысын қайта тыңдауға мүмкіндік алды.

Осы сезімге толы кездесуден кейін жас Салех Ахмад үйлену тойында келінге серік болып, оны қонақтар алдына шығарып салуға көмектесті.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Қонақ» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Әлем » Келін марқұм ұлының жүрегін қайта естіді