Конгодағы Эболаға қатысты жағдай одан әрі ушықты

Конгодағы Эбола вирусына қатысты жағдай ушығып барады. Bloomberg хабарлауынша, елдегі індеттің таралуына байланысты кейбір әуе рейстері тоқтатылды.
Жергілікті билік пен Африка денсаулық сақтау органдарының мәліметінше, жұма күнгі жағдай бойынша вирус жұқтырғандар саны 867 адамға жетті. 204 адам аурудың салдарынан қайтыс болды.
Эпидемия орталығы Угандамен шектесетін Итури провинциясы екені айтылуда. Вирус жұқтырғандармен байланыста болған 1745 адамның тек аз бөлігі ғана бақылауға алынғаны жағдайды одан сайын қауіпті ете түсуде.
Мамандар вирустың бұл сирек түріне қарсы мақұлданған вакцина немесе арнайы емдеу әдісі жоғын атап өтуде. Дәрігерлер тіпті жеке қорғаныс құралдарының жетіспейтініне шағымдануда.
Шекаралардың жеткілікті деңгейде бақыланбауына байланысты Эболаның Уганда мен Оңтүстік Судан сияқты көршілес елдерге де таралуы мүмкін екені айтылуда.












Пікірлер 0
…