date

Орталық Азияда қойма қорларына 250 млн доллар инвестиция


Узбекистанда заманауи қоймаларды дамыту мақсатында Орталық Азиядағы алғашқы инвестиция қорлары құрылмақ. Алматыда өткен Central Asia Warehouse Summit (CAWS 2025) форумында IBC Global компаниясы жалпы көлемі $250 миллионнан асатын екі қордың іске қосылатынын жариялады.

Бірінші қор – Eurasian Warehouse REIT OEIC Ltd. – TG Global (Tansar Capital Group) қатысуымен құрылады.

Аталған қор $75 миллион жинауды мақсат еткен, күтілетін табыстылығы 18-22% құрайды, инвестиция мерзімі 6+2 жыл. Қор негізінен Қазақстан (70%) және Узбекистан (14%) нарықтарына бағытталады және шамамен 85 мың шаршы метр аумақта дайын әрі жаңа нысандардан тұратын портфель қалыптастырады.

Екінші қор – Central Asia Warehouse PEF OEIC Ltd. – Provident Fiduciary Ltd.

және Roemer Silk Road қатысуымен құрылады. Оның көлемі $200 миллион болып, табыстылығы 15%-дан жоғары, инвестиция мерзімі бес жылды құрайды.

Қордың портфелі шамамен 500 мың шаршы метрді қамтиды, оның 55% жаңа нысандар болады. Негізгі инвестиция бағыттары Узбекистан (40%), Қазақстан (30–35%) және өңірдің басқа елдеріне бағытталады.

Екі қор да «Астана» халықаралық қаржы орталығында (AIFC) тіркелген.
Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Жаңалықтар » Экономика » Орталық Азияда қойма қорларына 250 млн доллар инвестиция