Жасыл энергияға жеңілдік: Тәжікстан күн панельдеріне ҚҚС-ты алып тастады

Тәжікстанда жаңартылатын энергия көздерін қолдау мақсатында салықтық жеңілдіктер енгізіледі. Елде 2031 жылдың 1 қаңтарына дейін күн панельдерін, энергияны сақтау жүйелерін және олардың құрамдас бөліктерін импорттау қосылған құн салығынан (ҚҚС) босатылады.
Жаңа шешімге сәйкес, салықтық жеңілдіктер тек жабдық импортына ғана емес, сондай-ақ күн панельдері орнатылған жылжымайтын мүлік нысандарына да қолданылады. Атап айтқанда, мұндай нысандар пайдалануға берілген күннен бастап 5 жыл бойы ҚҚС төлемейді.
Ресми тұлғалар бұл шаралар халық пен бизнестің баламалы энергия көздеріне қызығушылығын арттыруға, электр энергиясына түсетін жүктемені азайтуға және экологиялық тұрақтылықты қамтамасыз етуге бағытталғанын атап өтті.
“Zamin”-ді Telegram-нан оқыңыз!Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз