date

Финляндияда сиыр етінің қымбаттауына не себеп?

Финляндияда сиыр етінің қымбаттауына не себеп?

Финляндияда сиыр етінің бағасы тарихи ең жоғары көрсеткішке жетті. Соңғы бір жылда сиыр етінің көтерме бағасы шамамен 25 пайызға өсті. Бұл туралы Azertadj басылымы хабарлайды.

Мамандардың айтуынша, бағаның күрт өсуіне бірнеше фактор себеп болған. Атап айтқанда, Еуропа нарығында сиыр етіне сұраныстың артуы, Финляндияда жергілікті өндіріс көлемінің қысқаруы және тірі ірі қара малдың шетелге экспорты жағдайды одан әрі қиындатты.

Ет өңдеуші компаниялар Еуропа бойынша сиыр тапшылығын байқап отырғанын айтады. Сұраныс ұсыныстан әлдеқайда жоғары, ал Африка, Түркия және Таяу Шығыс елдерінен келетін сатып алушылар фин сиырларына жоғары баға ұсынады. Сондықтан жергілікті өңдеушілер ірі қараны елде ұстап қалу үшін экспорттаушылармен бірдей бағада төлеуге мәжбүр.

Бағаның өсуі біртіндеп тұтынушылардың қалтасына да әсер ете бастады. Шілде-қыркүйек айларында сиыр етінің бөлшек сауда бағасы шамамен 14%-ға өсті. Қазір бір килограмм туралған сиыр еті 10 евродан 15 евроға дейін сатылуда. Нәтижесінде, кейбір сатып алушылар арзанырақ тауық етіне ауыса бастады.

Сауалнама нәтижелері бойынша, егер сиыр етінің бағасы килограмына 20 еуроға жетсе, оған деген сұраныс күрт төмендеуі мүмкін.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Меҳмон» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Экономика » Финляндияда сиыр етінің қымбаттауына не себеп?