date

Ресей қара металл сынықтарын Өзбекстанға экспорттау жолдарын кеңейтеді


Ресейдің Өнеркәсіп және сауда министрлігі қара металл сынықтарын Қазақстанға және Моңғолияға экспорттау үшін жаңа теміржол шекаралық пункттерін қосуды ұсынды. Министрлік дайындаған қаулы жобасы нормативтік-құқықтық актілер порталында жарияланды және ол 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енуі мүмкін.

Құжатқа қоса берілген түсіндірме хатқа сәйкес, пункттер тізімін кеңейту экспорттық логистиканың тиімділігін арттыруға, көлік шығындарын азайтуға және ішкі қажеттіліктер мен экспорттық мүмкіндіктер арасындағы тепе-теңдікті қамтамасыз етуге қызмет етеді. Құжатта қара металл сынықтары металлургия өнеркәсібінің тұрақты дамуы үшін негізгі шикізат ресурсы екені атап көрсетіледі.

2025 жылы металлургия саласында өндірістің қысқаруы байқалуда, бұл ішкі сұраныстың азаюына және кейбір өңірлерде қара металл сынықтарының артығымен жиналуына алып келуде. Нарық жағдайын ескеріп, министрлік экспорт бағыттарын қайта қарауды ұсынуда.

Бұл шешімдер сала мамандарымен бірлесіп әзірленген және ішкі нарықта қара металл сынықтарының тапшылығын болдырмауға бағытталған.
Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Жаңалықтар » Экономика » Ресей қара металл сынықтарын Өзбекстанға экспорттау жолдарын кеңейтеді