date

Өзбекстаннан Ресейге «сұр импорт» жолы ашылды


«Kommersant» басылымының мәліметінше, Өзбекстан Қытайдан Ресейге жылына 10-15 миллиард доллар айналымға ие «көлеңкелі импорт» бағыттарының біріне айналған. Өнімдер Қазақстан және Қырғызстан арқылы жеке сәлемдемелер түрінде жеткізіледі.

Ол үшін тапсырыстар Қытайдың танымал сауда платформалары арқылы жүзеге асырылады. Мұндай өнімдер ресми импортқа қарағанда 20-30 пайызға арзанға түседі.

Негізінен, Қытайдан Ресейге киім-кешек, электроника, аяқ киім және тұрмыстық техника жеткізіледі. Осы схемаға байланысты Ресей бюджеті жылына 400 миллиард рубльге дейін қаражат жоғалтуда.

Мұндай тәжірибенің көбеюі ресми жеткізілімнің жоғары құны және халықаралық төлемдерде туындап жатқан қиындықтармен байланысты. Логистика саласының мамандарының айтуынша, Қытайдан жалпы жеткізілім көлемінің 10-15 пайызы дәл осы «көлеңкелі импортқа» тиесілі.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Жаңалықтар » Экономика » Өзбекстаннан Ресейге «сұр импорт» жолы ашылды