date

Өзбекстан туризм үлесін 7 пайызға арттырады

O‘zbekiston Prezidenti Shavkat Mirziyoyev turizm sohasini rivojlantirishga qaror imzoladi
Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев алдағы жылдары туризм саласын дамытуға байланысты жарлыққа қол қойды. Бұл құжатқа сәйкес, 2030 жылға қарай елдің жалпы ішкі өніміндегі туризмнің үлесі 3,5 пайыздан 7 пайызға дейін арттырылады.

Әр жылы Өзбекстанға келетін шетелдік туристер саны 10 миллионнан 20 миллион адамға жеткізу жоспарланған, бұл ретте төлем қабілеті жоғары қонақтарды тартуға ерекше назар аударылады. Жылдық туризм қызметтері экспорты да 6 миллиард АҚШ долларынан асыру көзделіп отыр.

Басты міндеттердің қатарында Өзбекстанның туристік қалалары арасындағы көлік байланыстарын жақсарту мәселесі де бар. Ішкі әуе қатынастарын кеңейту және жолда кететін уақытты үш есе қысқарту қарастырылған.

Инфрақұрылымды дамыту аясында төрт және бес жұлдызды қонақүйлердің санын екі есеге арттыру, сондай-ақ қызметтер мен өнімдерді әртараптандыру мақсат етілген. Бұдан бөлек, Өзбекстан халықаралық деңгейде танымал туристік бренд жасау және ұлттық өнімдерді насихаттаудың жаңа әдістерін енгізуді де жоспарлап отыр.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Меҳмон» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Экономика » Өзбекстан туризм үлесін 7 пайызға арттырады