Өзбекстанның мемлекеттік қарызы қалыпты әрі басқарылатын деңгейде қалып отыр

Өзбекстанның мемлекеттік қарызы халықаралық өлшемдер бойынша қалыпты әрі басқарылатын деңгейде бағалануда. Инвестициялар, өнеркәсіп және сауда министрлігінің (MIIT) мәліметіне сәйкес, өткен жылдың қазан айының басында елдің жалпы қарыз міндеттемелері 75,4 млрд долларды құраған. Бұл туралы Kursiv.uz хабарлады. хабарлайды .
Министрлік мәлімдеуінше, осы соманың 37,4 млрд доллары мемлекеттің сыртқы қарызына тиесілі. Қалған 38 млрд доллар — мемлекеттік кепілдіксіз тартылған қаражат, яғни жеке және мемлекеттік кәсіпорындардың қарыздары.
Мемлекеттік қарыздың ЖІӨ-ге қатынасы шамамен 26% деңгейінде екені және бұл макроэкономикалық тұрақтылыққа қатысты халықаралық тәуекел шектерінен әлдеқайда төмен екені атап өтілді.
MIIT дерегінше, мемлекеттік қарыз қаражаты есебінен 2017–2025 жылдары 1,5 мың км-ден астам автожол қайта жаңғыртылды, 470 км теміржол электрлендірілді, ауызсу инфрақұрылымы жаңартылды. Сондай-ақ Boeing 787-8 ұшақтары, Talgo пойыздары, электровоздар, метро вагондары және басқа да техника сатып алынды.
Соңғы сегіз жылда су арналары жаңартылып, заманауи жылыжайлар мен агро-кәсіпорындар құрылғаны айтылды. Нәтижесінде 2 млн-нан астам жұмыс орны ашылып, экспорт 270%-ға артқаны, ал жан басына шаққандағы ЖІӨ 418%-ға өскені хабарланды.
Министрліктің мәліметінше, алдағы уақытта ресурстар тарту үдерісі парламенттік бақылауды күшейту, ашықтықты қамтамасыз ету және жобалардың жай-күйі туралы тұрақты ақпарат жариялаумен қатар жүргізіледі.
“Zamin”-ді Telegram-нан оқыңыз!