date

Киву Контеге құрмет білдіріп, текетірес туралы әңгімені жоққа шығарды

Киву Контеге құрмет білдіріп, текетірес туралы әңгімені жоққа шығарды

Италияның А сериясында 20-тур матчтары өтіп жатыр. Турдың ең маңызды ойыны жексенбі күні «Наполи» мен «Интер» арасында өтеді. Бұл туралы euro-football.ru хабарлайды .

«Интердің» бас бапкері Кристиан Киву бапкерлік мансабын жуырда ғана бастаған болса, «Наполиді» тізгіндеген Антонио Конте бұл кәсіпте 15 жылдан астам тәжірибеге ие. Киву қарсыласы туралы жылы пікір білдірді.

«Мен Антонио Контені өте құрметтеймін. Ол — үнемі өзімен жұмыс істейтін, дамып отыратын жеңімпаз бапкер. Арамызда текетірес жоқ, бұл жеке дуэль емес. Бәрі алаңдағы футболшыларға байланысты», — деп Кивудың сөзін calcionapoli1926.it келтірді.

Еске сала кетейік, Антонио Конте 2024 жылдан бері неапольдықтармен жұмыс істеп келеді.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Меҳмон» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Спорт » Киву Контеге құрмет білдіріп, текетірес туралы әңгімені жоққа шығарды