date

Манчестер Юнайтед бас бапкерлікке Луис Энрикені көздеп отыр

Манчестер Юнайтед бас бапкерлікке Луис Энрикені көздеп отыр

«Манчестер Юнайтед» Рубен Амориммен қоштасқаннан кейін командаға жаңа бас бапкер табу бағытында жұмыс жүргізіп жатыр. Бұл туралы euro-football.ru хабарлайды .

Португалиялық маман дүйсенбі күні қызметінен кетті. Дереккөздерге сүйенсек, маусым соңына дейін команданы уақытша бапкер басқарады, ал жазда клуб тұрақты бас бапкерді тағайындауды жоспарлап отыр.

Ағылшын БАҚ мәліметінше, «қызыл сайтан» қазір «ПСЖ» бапкері Луис Энрикеге назар аударып отыр. Соңғы уақытта испаниялық бапкердің Парижден кетуі мүмкін деген әңгіме көбейген, алайда француз клубы бұл қауесеттерді жоққа шығарды.

Луис Энрикенің «ПСЖ»-мен келісімшарты 2027 жылдың ортасына дейін есептелген. Ол Париж клубында 2023 жылдың жазынан бері жұмыс істеп келеді.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Меҳмон» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Спорт » Манчестер Юнайтед бас бапкерлікке Луис Энрикені көздеп отыр