Карабаевтар отбасындағы қуаныш: олар екінші рет ата-ана атанды

Миркамол Карабаев пен жұбайы Юлдуз Карабаева тағы да ата-ана бақытына ие болды. Олар бұл қуанышты жаңалықты әлеуметтік желі арқылы жанкүйерлерімен бөлісті.
Юлдуз Карабаева өзінің Instagram парақшасында сәби туралы жүрекжарды сөздерін жазды:
«Альхамдулиллях. Біз сені сөзбен емес, жүрегімізбен сүйеміз, Марьямхон». Осылайша жаңа туған қыз балаға Марьямхон есімі берілгені белгілі болды.
Айта кетейік, жұп 2021 жылы алғаш рет ата-ана атанған еді. Олардың тұңғышы да қыз бала, оған Рохатхон деп есім қойған. Қазір үлкен қыздары 4,5 жаста.
Карабаевтар отбасындағы бұл қуанышты оқиға жанкүйерлер тарапынан жылы қабылданды. Әлеуметтік желілерде көптеген оқырман жаңа мүшемен құттықтап, ақ тілектерін жолдауда.
Бұл жаңалық отбасылық бақыт пен бала сүю бақыты әр адамның өміріндегі ең ұлы құндылықтардың бірі екенін тағы бір мәрте дәлелдеді.
