Канн фестивалінде Алия Бхатт назардан тыс қалды ма?

12 мамырда Францияның Канн қаласында 79-шы Канн кинофестивалі басталды. 23 мамырға дейін жалғасатын бұл фестивальге әлем жұлдыздары келуде.
Үндістандық актриса Алия Бхатт та қызыл кілемде көрінді. Алайда халықаралық фотографтардың оған жеткілікті назар аудармағаны және оны елемегені туралы видеолар әлеуметтік желілерде қызу талқыға түсті.
Таралған видеоларда актрисаның L’Oréal Paris брендінің жаһандық елшісі ретінде қызыл кілемде әдемі көйлекпен суретке түсу үшін поза бергені, бірақ халықаралық фотографтардың камераларын басқа жаққа бұрғаны немесе оған қызығушылық танытпағаны көрсетілген.
Интернет қолданушылары актрисаның әлі де жеткілікті танымал емес екенін айтса, кейбіреулер мұны ретсіздіктен деп пікір білдіруде.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз