Жеңісбек Пиязов пен Озода Нурсаидова арасындағы «жанжал» шын мәнінде пранк пе еді?

Әлеуметтік желілерде қызу талқыланған Жеңісбек Пиязов пен Озода Нурсаидова арасындағы «жанжалдың» шын мәнінде пранк екені белгілі болды. Әртістер тараған видеолардан кейін жағдайды түсіндіріп өтті.
Тараған кадрларда Жеңісбек Пиязовтың Озода Нурсаидованың концертіне гүл шоқтарымен кіргені көрінеді. Осыдан кейін ол жанкүйерлеріне пранк ұйымдастырылғанын айтып, әлеуметтік желідегі шуға қатысты пікір білдірді.
«Құрметті пранкерлер, біз халық әртістерінің қолынан мұндай нәрсе келмейді деп ойламаңыздар. Бұл ең оңайы. Бізге «Оскар» беру керек, бәрі сенді, тіпті әкем де телефон соғып жатыр», — деді әнші әзіл аралас.
Жеңісбек Пиязовтың айтуынша, олар шын мәнінде жанкүйерлерге өнердегі нағыз еңбектің не екенін көрсеткісі келген. Ол 10 күн бойы жанды дауыста, оркестрмен тік тұрып концерт беру әркімнің қолынан келе бермейтінін атап өтті.












Пікірлер 0
…