date

Том Круз киноиндустрияға қосқан үлесі үшін марапат алды


Голливуд актеры Том Круз киноиндустрияға қосқан үлесі үшін құрметті «Оскар» сыйлығын иеленді, деп хабарлайды Variety. Сыйлықты табыстау салтанаты Governors Awards аясында 2025 жылғы 16 қарашада өтті.

Том Круз сыйлықты қабылдау барысында әсерлі сөз сөйлеп, «Фильм жасау – бұл менің кәсібім емес, бұл менің кім екенім», деп атап өтті. Оның айтуынша, кино адамдарды біріктіреді, ерекшеліктерді құрметтеуге және жалпы адамзат табиғатын түсінуге жәрдемдеседі.

«Біз қайдан болсақ та, кинотеатрда бірге күлеміз, бірге сезінеміз, бірге үміттенеміз – бұл өнердің күші. Сол себептен бұл мен үшін өте маңызды.

Фильм жасау – бұл менің кәсібім емес, бұл менің кім екенім», деді Круз. Актер балалық шағында қараңғы залда алғаш рет жарық сәулесін көріп, бұл өзіне білетінінен кең әлемді ашқанын еске алды.

Осы кеште құрметті «Оскар» сыйлығымен хореограф Дебби Аллен және сахна безендіруші Уинн Томас та марапатталды.
Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Меҳмон» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Мәдениет » Том Круз киноиндустрияға қосқан үлесі үшін марапат алды