date

«Ливерпуль» австриялық Ифеани Ндуквені сапына қоспақ

«Ливерпуль» австриялық Ифеани Ндуквені сапына қоспақ

17 жасқа дейінгі футболшылар арасындағы әлем чемпионатындағы сәтті ойындарынан кейін Австрия құрамасының қорғаушысы Ифеани Ндуквенің төңірегінде трансферлік тартыс күшейді. Kurier.at мәліметінше, бұл бәсекеде ағылшынның «Ливерпуль» клубы алға шыққан. Бұл туралы euro-football.ru хабарлайды.хабарбереді.

Дереккөзге сүйенсек, орталық қорғаушы келесі жазда Венадағы «Аустриядан» кетіп, АПЛ клубына ауысады. Келісімнің нақты құны әзірге жарияланған жоқ. Бұған дейін сәуір айында Миланның «Интері» де Ндуквені өз сапына қосуды байқап көрген, алайда бойы 198 см, нигериялық және ресейлік тамыры бар футболшы сол кезде командада қалуды жөн көрген.

Ағымдағы маусымда Ндукве УЕФА Жастар лигасында 1 матч өткізді, сондай-ақ «Аустрияның» қосалқы командасы сапында Австрияның екінші дивизионында 7 ойында алаңға шықты.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Меҳмон» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Спорт » «Ливерпуль» австриялық Ифеани Ндуквені сапына қоспақ