date

Қазақстанда заңсыз алкоголь және темекі нарығы қысқарды


Өзбекстанда заңсыз алкоголь мен темекінің үлесі айтарлықтай қысқарды — соңғы бір жылда дерлік екі есеге азайды. Бас прокуратураның мәліметтеріне сәйкес, заңсыз алкоголь өнімдерінің үлесі 35 пайыздан 18 пайызға, темекі өнімдері 19,6 пайыздан 9 пайызға дейін төмендеген.

Саланы реттеу үшін Алкоголь және темекі нарығын реттеу инспекциясы құрылған. Өндірушілер сандық бақылау жүйесіне қосылған: кәсіпорындарға бейнебақылау камералары мен есептегіштер орнатылған, ал көлік құралдары GPS бақылау құрылғыларымен жабдықталған.

Тексерулер нәтижесі нарықтың біртіндеп ашық болып келе жатқанын көрсетуде. Реформалар барысында 1400-ден астам заңбұзушылық анықталып, шамамен 900 мың бөтелке алкоголь және сонша темекі қаптамасы тәркіленген.

44 компания лицензиясынан айырылған, тағы жетеуінің қызметі уақытша тоқтатылған.
Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Жаңалықтар » Қоғам » Қазақстанда заңсыз алкоголь және темекі нарығы қысқарды