
2025 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында Өзбекстанға 28,6 мың америкалық саяхат жасады. Бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 22,4 пайызға көп деп хабарлады Ұлттық статистика комитеті.
Келген америкалықтардың басым көпшілігі, яғни 23,6 мың адам, турист ретінде саяхат жасаған. 2,4 мың азамат қызметтік себептермен, ал 2,1 мыңы туыстарын көру мақсатында келген.
Еске саламыз, келесі жылдың басынан АҚШ азаматтары үшін 30 күндік визасыз режим енгізіледі. Аталмыш шешім екі ел арасындағы сауда, мәдениет және туризмді дамыту мақсатында қабылданды.
Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз Тақырыпқа қатысты жаңалықтар