date

Алматыдан Ташкентке күн сайын Talgo пойызы қатынайды


14 желтоқсаннан бастап Алматы мен Ташкент қалалары арасында Talgo пойызы күн сайын қатынай бастайды. Бұл туралы “Жолаушылар тасымалы” акционерлік қоғамы хабарлады.

Жаңа бағыт күн сайын 400-ден астам жолаушыны тасымалдауға мүмкіндік береді. Аталған бағыт туристер ағымын арттыруға көмектеседі деп күтілуде.

Қыс маусымына байланысты тасымалдаушы басқа бағыттардың кестесін де жаңартуды жоспарлап отыр. Билет сатып алу үшін вокзалдағы кассаларға немесе ресми веб-сайтқа жүгінуге болады.

Қосымша ақпаратты 1433 тегін телефон нөмірі арқылы немесе кестені көрсететін сайттан алуға болады.
Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Код анық көрінбесе, оны жаңарту үшін суретті басыңыз
Жаңалықтар » Қоғам » Алматыдан Ташкентке күн сайын Talgo пойызы қатынайды