date

Кроос 2026 жылғы ӘЧ кеңейтуге қарсы пікір білдірді

Кроос 2026 жылғы ӘЧ кеңейтуге қарсы пікір білдірді

Мадридтің «Реал» клубы мен Германия құрамасының бұрынғы футболшысы Тони Кроос 2026 жылғы әлем чемпионатын 48 командаға дейін кеңейту идеясын сынға алды. Бұл туралы euro-football.ru хабарладыхабарбереді.

Оның айтуынша, мундиальға көбірек құрамалардың қатысуы оң көрінуі мүмкін, алайда мұндай форматта қажетсіз кездесулер мен ірі есепті нәтижелер көбейеді. Кроос мұны әлем чемпионаты деңгейіне сай деп есептемейді.

«Мен 5:0 немесе 6:0 есебімен аяқталатын жеңістерді емес, сапалы ойындарды көргім келеді. Маған мұндай нәрсе ұнамайды. Ойындар саны артқан сайын футболшылар көбірек шаршайды, соның салдарынан жалпы деңгей төмендейді», — деп оның сөзін AS келтірді.

2026 жылғы әлем чемпионаты жазда АҚШ, Канада және Мексикада өтеді.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Меҳмон» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Спорт » Кроос 2026 жылғы ӘЧ кеңейтуге қарсы пікір білдірді