date

Өзбекстанда жалдамалы жауынгерлерге қатысты 338 іс қозғалды


2022 жылдың басынан бері Өзбекстанда жалдамалы әскерге қатысқаны үшін 338 қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы Мемлекеттік қауіпсіздік қызметі дайындаған «Алыстан ізделген бақыт» деректі фильмінде хабарланды.

Фильмде жыл сайын жүздеген өзбекстандықтың террористік ұйымдарға қосылып, немесе басқа елдердің армиясында қызмет етіп жүргені тіркелгені атап өтілген. 2022 жылы жалдамалы әскерге қатысу бойынша 19 қылмыстық іс қозғалса, биылғы жылы бұл көрсеткіш 139-ға жеткен.

Жалдамалы әскерилердің көпшілігі алдау арқылы немесе қылмыстық топтар тарапынан соғысқа жіберілгені айтылған. Тек кейбіреулері ғана бұны табыс табу мақсатында жасаған.

Өзбекстан заңнамасына сәйкес, жалдамалы әскерге қатысқаны үшін 10 жылға дейін, ал әскерге шақыру және оқыту үшін 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.
Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Меҳмон» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Қоғам » Өзбекстанда жалдамалы жауынгерлерге қатысты 338 іс қозғалды